Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Министр Астана-Алматы тасжолының сапасы үшін кешірім сұрады

Танымал

Ел аузында

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана-Алматы тасжолындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғаны үшін кешірім сұрап, кешігу себептерін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер министрден Астана-Алматы тасжолындағы проблемалардың себебі неден туындағанын сұрады.

«Тағы да кешірім сұраймын, бұл шынымен де ұзаққа созылған құрылыс жобасы. Мәселе мердігерлік ұйымдарда жатыр. Біз халықаралық қаржы институттарының қаражатын пайдаландық. Бас мердігерлердің проблемалары болды. Бұл мәселелер реттелді», – деді Қарабаев.

Реклама

Министрдің айтуынша, Қарағандыдан Алматыға дейінгі учаске бойынша жалпы жол жүру биыл, ал пайдалануға беру келесі жылы қамтамасыз етіледі.

«Биыл Қарағандыдан Алматыға дейінгі учаске бойынша біз қозғалысты қамтамасыз етеміз. Бірнеше учаскелерді қоспағанда, жалпы алғанда 946 шақырым, 795 шақырым жол бар, бірақ айналма жол қарастырылған белгілі бір учаскелерді қоспағанда. Келесі жылы пайдалануға беруді қамтамасыз етеміз», – деп сендірді министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...