Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Досаев Алматыдағы көпдеңгейлі автотұрақтар құрылысы туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Алматы әкімі Алматыда көпдеңгейлі паркингтерді дамыту жоспарлары туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен Самал-2 шағынауданында тұрамын. Снегин көшесінде 15 жылдан аса уақыт бойы көп деңгейлі паркинг қараусыз қалды. Оны әртүрлі асоциалды элементтер, қаңғыбас иттер паналап жүр. Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудырады. Үлкен өтініш, оны бұзыңыздар немесе басқа мәселені қарастырыңыздар», – деп сұрақ қойды Медеу ауданы тұрғыны.

«Біз бұл мәселені шешу жолдарын қарастырудамыз. Естеріңізде болса, мен қалада көп деңгейлі паркингтерді дамыту бойынша тапсырма берген болатынмын. Мәселе объектіні сатып алу ме оның бағасына қатысты. Биыл бізде қаржылық мүмкіндіктер болмайды, бірақ 2024 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мен тұрғындарға ыңғайлы болу үшін оларды көпдеңгейлі паркингтерге айналдыру үшін сатып алуға немесе құрылысты аяқтауға болатын барлық орындарды қарауға тиісті тапсырма бердім. Самал бойынша тапсырма беремін: бұл жоба қаншаға бағаланатынын көрейік. Сол жерде ыңғайлық әрі дұрыс паркинг жасау қарастырылады. Сіз дұрыс байқағансыз, ескі көпдеңгейлі паркинг бұрыннан тұр. Біз оны жасай аламыз ба әлде бұзу керек пе. Қарастырамыз», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...