Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Жемқорлық фактісін хабарлағандарға 1,6 млн теңге сыйақы берілді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы берілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс бойынша соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алған. Ал жыл басынан бері жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталып отыр.

«Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді. Ең жоғары сыйақы мөлшері биылғы жылы 13 млн 800 мың теңгені құрап отыр. Сыйақы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза туралы қаулысы болғанда беріледі. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез келген азамат @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы арқылы хабарлай алады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...