Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік төлемдер артады

Танымал

Ел аузында

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер артады, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатта 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделген.

Бұл қаражат еңбекке қабілетін жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалады. 

Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба.Бұл сервис азаматтарға құқық қорғау...