Қайрат Боранбаев түрмеден босатылады: оның жазасы өзгертілді

Танымал

Ел аузында

Сот Боранбаевтың арызын қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:

  • сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
  • мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
  • қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Еске сала кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.

16 қазанда сотталған Қайрат Боранбаевтың Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырғаны белгілі болды. Аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақ үй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...