Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 20-ға жетті.
252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 26 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр.
Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70. сенім телефондары мен ақпараттық-психологиялық қолдау жұмыс істейді.
Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 16-ға жетті.
ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМитталТеміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Енді «АрселорМитталТеміртау» Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
«Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.