Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12.9 C
Nur-Sultan
20.2 C
Almaty
23.5 C
Shymkent

Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны 20-ға жетті

Танымал

Ел аузында

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 20-ға жетті.

252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 26 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр.

Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70. сенім телефондары мен ақпараттық-психологиялық қолдау жұмыс істейді.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 16-ға жетті. 

ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев  «АрселорМитталТеміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. 

Енді «АрселорМитталТеміртау» Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. 

«Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз», – делінген хабарламада. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Концерты, фильмы и зелёное платье: что спрашивали казахстанцы про Дженнифер Лопес

В августе в Казахстане состоятся два концерта Дженнифер Лопес, которая впервые приехала в страну. Первый концерт уже прошёл, второй...