Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23.9 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
34.2 C
Shymkent

Қарағандыдағы шахтада жарылыс: Шәріпханов оқиға орнына барды

Танымал

Ел аузында

ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Костенко атындағы шахтасындағыҚарағандыда «АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасындағы апатты жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды. Апатты жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізіліп жатыр», – делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары ашылды.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

2025 жылғы 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Jetisu Fest» «Jetisu Fest» атты ауқымды мерекелік іс-шара өткізілді. Шара...