Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Жүрегі тоқтап қалған». Шымкентте тергеуде күдіктіні азаптап өлтірген полицейлердің жазасы жеңілдеді

Танымал

Ел аузында

Шымкентте Полиция департаментінің ғимаратында өлі табылған күдіктінің ісі бойынша айыпты экс-полицейлерге қатысты іс қайта қаралды, – деп хабарлайды «Отырар» сайты.

Экс-полицейлерге үкім жеңілдетілген. Апелляциялық алқа Уәлихан Жәнібеков пен Дінмұхамед Исаевқа қатысты қылмыстық істер бойынша Шымкент қалалық ауданаралық сотының үкімін өзгертті.

«Сот алқасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған Жәнібековтің әрекеттерін 146-бап 2-бөлік 1-тармаққа ауыстырды. Оған құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып 3 жыл, 6 ай бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды», – дейді Шымкент сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Бірінші сатыдағы сот Жәнібековті 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Қаратау аудандық полиция бөлімінің бастығы Дінмұхамед Исаевты бірінші сатыдағы сот үш жылға және алты айға қамауға алып, полиция подполковнигі атағынан айырды.

Енді ол кінәсіз деп танылып, оның әрекеттерінде аталған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

Айта кетейік, биыл маусымда Нұрболат Жұмабаевтың Полиция департаменті ғимаратында өлі табылуына байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері бас бостандығынан айырылған болатын. Жұмабаев пен оның досы Сергей Петровты полиция 2021 жылы желтоқсанда автокөлік ұрлау ісі бойынша ұстаған болатын.  

Бірнеше жауап алудан кейін Нұрболат Жұмабаевтың жүрегі тоқтап қалған. Бастапқыда полициядағылар тергеу кезінде ер адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдеп келгенше қайтыс болып кеткенін айтқан. Бірақ марқұмның туыстары ер адамның денесінде жарақаттар болғанын айтқаннан кейін құқық қорғау органдары қызметтік тексеріс бастап, төрт қызметкер күдікті болып, күш қолданып, азаптағаны белгілі болды.   

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...