Күн жылиды: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша, барика түзілімдерінің өзгеруі Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, 8-9 қарашада республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 9 қарашада толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде 0-8 аяздан 0-5 аязға дейін ауа температурасы көтеріледі, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяздан 5 градус, 3-10 градусқа дейін жылы болады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде...