Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Екінші рет тұрмыс құруға дайынмын – Гүлмира Дайрабаева

Көпке белгілі тележүргізуші, журналист Гүлмира Дайрабаева отбасылық өмірі мен шетелдегі өмірі жайлы ашық баяндады.

Танымал

Ел аузында

4 жыл Америкада білім алып, жұмыс істеп келген ол болашаққа көзқарасы, алдағы жоспарлары мен тұрмысы жайлы айтты.

Бұл туралы тележүргузіші Динара Сәтжанмен болған сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Гүлмира Дайрабаева үш ұлдың анасы. 20 жыл тұрмыста болған. Өмірде әкесін үлгі тұтады. Қазір екі кенже ұлымен бірге. Үлкен ұлы Артур бөлек пәтерде. Білім алып, жұмыс істеп, бала бағып үлгерген тележүргузіші екінші рет некелесуге дайын. 

“Мен қазір еркін адаммын. Екінші рет тұрмыс құруға да дайынмын. Ұлдарым да қарсы емес. Бұған дейін бұл тақырыпта сөйлескен емеспін. Себебі менде жұмыс болды. Оқуым болды. Енді олар менің бақытта болғанымды қалайды. Мен 20 жыл некеде болдым. Менде тәжірибе бар. Бірінші рет тұрмыс құрайын деп тұрған жоқпын”, – деді Дайрабаева. 

Тележүргізуші келін алуға дайын. Тіпті сандығын толтырып, құдалық заттарын да алып қойған. 

“Одан бөлек ұлымды үйлендіруге, балаларымның құдалығына дайындалып жүрген жайым бар. Себебі, мен бірінші кезекте анамын. Ұлдарымды үйлендіруім керек. Олардың заттарын да алып қойдым. Құдалығына, тойына дайынмын. Артур үйленсе деп бір сандық жинап қойдым”, – дейді күліп. 

Гүлмира Дайрабаева 4 жыл Америкада “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқып келді. Шетелде ақша табу үшін жұмыс істеп, нәпақа тапқанын айтады. 

“Аптасы 1500 доллар ақша табатынмын. Жарнамалық жұмыс істедім. Француз тілін білгендіктен менің жұмыс істегенімді қалады. Бірақ өте ауыр жұмыс болды. Маған ақша табу керек болды. Бір орында таңнан кешке дейін қозғалмай жұмыс істедім. Кейін армяндардың жаңа жылдық кештерін басқардым.

Олар өте бай еді. Бірақ көп ақша бермеді. Себебі менің танымалдығым  туралы білмейтін еді. Ол жақта мені ешкім танымайды. Сондықтан кез келген жұмысты істеуге тура келеді. Біреулер көріп Дайрабаева мына жақсы ақша табу үшін ауыр жұмыс істеп кетіпті деуі мүмкін. Бірақ оның ұят ешнәрсесі жоқ. 4-5 баласы бар әйелдер жүк тасушы болып жұмыс істеді. Ақша табу үшін ұялудың керегі жоқ”, – деді ол.

Гүлмира Дайрабаева әкесін идеал тұтады. Анасына гөрі әкесіне жақын. Әлі күнге еркелеп отырады. 

“Біз отбасында 4 қызбыз. Мен үшінші қызбын. Ұл болған жоқ. Енді керісінше менің үш ұлым бар. Ұлдарымның енді кілең қыздары болады. Себебі мен мұны әбден зерттедім. Бұл солай болады екен. Ататекті зерттеп көрдім. Мен әкеме жақынмын. Әлі күнге еркелеймін. Балам маған жақын. Ұл анасына, қыз әкесіне жақын болады. Артур менімен сырлас. Маған анасы ғана емес, досы, құрдасы ретінде қарайды. Әйел ретінде қарайды. Мен оны жақсы көрем. Бірақ жақсы көретінімді айтпаймын. Бізде ерекше жақндық бар”, – деді тележүргізуші.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...