Алматыда 24 жастағы жігіт үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Танымал

Ел аузында

Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Алматының Алатау ауданындағы тұрғын алабында синтетикалық есірткінің астыртын өндірісін ұйымдастырып алған.

Оны 1999 жылы туған С. есімді ер адам басқарды.

«Прокуратуранын үйлестіруімен біздің бөлімше қызметкерлерінің жүргізген жедел және арнайы іс-шаралары «Дарабоз» шағын ауданындағы үйлердің бірінде, одан әрі сату мақсатында есірткі заттары дайындалып жатқанын анықтады. Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды және тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының негізінде қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалды», – деді, Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Дәулетияров.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде...