Алтынай Жорабаеваның інісі, әнші Талғат Жорабаев әпкесінің бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен арақатынасы туралы айтты. Бұл туралы ол «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында әңгімеледі, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Оның сөзінше, әпкесі қыздарына әкесімен араласуға тыйым салмаған.
«Араласады. Алтынай әрқашан жіберіп тұрады. «Хәлін сұрап тұрыңдар» дейді. Бауыр болғаннан кейін Алтынайдың қасында мен болдым ғой. Сол кезде Алтынай қанша ұрысса да ешқашан жамандаған емес. Қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қойған емес. «Барып тұрыңдар, хәлін сұрап тұрыңдар, жағдайын біліп тұрыңдар, қандай болса да әкелерің» (дейді – еск.)», – деді ол.
Сонымен қатар, әнші бұрынғы жездесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты.
«Мені көрген кездерде амандасқан кездерім болды, амандасып тұрамыз. Амандасқан кезде қол бермей қойған кездері болды. Ол – өзінің санасындағы дүние. Мен барынша кішіпейіл болуға, өзімнің тәрбиелі екенімді көрсетуге тырысамын. Ондай нәрсе жоқ (етене араласу – еск.)», – дейді Талғат Жорабаев.