Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Тележүргізуші Динара Сәтжан пластикалық ота жасатқанын мойындады

Сонымен қатар, ол некесі туралы сұрақтарға жауап берді.

Танымал

Ел аузында

Тележүргізуші оқырмандарына өзің қалаған жерге барып, өзің қалаған жерде тұру керек деген кеңесін айтты. Динара Сәтжан Instagram желісіндегі оқырмандарымен ашық сөйлесті.

Біреуі Сәтжаннан пластикалық ота туралы сұрады. Жауап ретінде тележүргізуші шынымен пластикалық хирургтердің қызметіне жүгінгенін мойындады. Алайда ол дәл қандай ота жасатқанын айтпады. 

“Иә, мен ота жасаттым”, – деді ол. 

Тележүргізугі бұрын тұрмыста болғанын, алайда ажырасып кеткенін айтты. Екінші рет те тұрмыс құру жоспарында барын мойындады. 

“Бұрын тұрмыста болғанмын, әрине, және тағы да тұрмыс құрамын деп ойлаймын”, – деді Динара.

Тағы бір оқырман Динараның 25 жастағы жастарға қандай кеңес беретінін сұрады.

«Мен өзім 25 жаста болсам, Мәскеуге барып, оны бағындыруға кеңес берер едім. Ал басқаларға өзі армандаған жерге барып өмір сүруге кеңес беремін», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, отандық тележүргізуші өзінің сымбатының сырын ашты.

«Мен өте аз тамақ жеймін. Есесіне мен көп қозғаламын. Қанша энергия жұмсасаң, сонша тамақ жеу керек», – деп сендірді Динара ханым.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...