Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Елімізде газбен қамту мәселесі қалай шешілуде?

Танымал

Ел аузында

Бүгінгі таңда күннен күнге құны қымбаттап жатқан шикізаттың бірі – газ. Биыл газ бағасы соңғы жеті жылда алғаш рет мұнайдан асып түсті. Бұл жағдай кей елдерді қыс алдында кейбір қуат бөлігін сұйық отынға ауыстыруға мәжбүрлеген. Бұл үрдіс қақаған қыста күшеюі мүмкін. Ал елімізде газбен қамту мәселесі қалай? 

Республикамызда жыл сайын 3,2 млн тонна шикі газ өндіріледі. Оның 1,5 тоннасы экспортталады. Соңғы жылдары шикі газды тұтыну көрсеткіші де өскен. Яғни сұраныс жоғары. Оған дәлел 2019 жылы шикі газды пайдаланатын 139 мың көлік болса, биыл бұл көрсеткіш 2,5 есеге артып, 313 мыңға жеткен, деп жазады Skifnews порталы. 

 Шикі газдың бағасы бензинге қарағанда 2-3 есеге арзан екендігі тағы бар. Сұраныстың өсуіне байланысты ішкі нарықта газ тапшылығы сезілуде. Осы мәселені шешу үшін Маңғыстау облысында шикі газ өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Оның қуаты жылына 232 мың тоннаны құрамақ. Ал зауыттың өзі 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға беріледі. 

Маңғыстаулықтарды газбен толық қамтамасыз ету үшін 266 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтқан болатын. 2025 жылға дейін Маңғыстау облысында газ құбырларын жөндеу мен салуды көздейтін бас-аяғы 7 жоба іске асады. Олар: жалпы сомасы 207,4 млрд теңгеге «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 1-ші желісін күрделі жөндеу және 2-ші желісін салу жобасы;  16,5 млрд теңге қажет етіп отырған «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу жобасы; 25,7 млрд теңге салу жоспарланған Құрық ауылына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан газ бұру және газ тарату құбырларын салу жобасы. Осы жобаларды іске асыру арқылы Маңғыстау облысын газбен жабдықтау мәселесі толық шешілуі тиіс. 

«Елді газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған негізгі схемасын» жүзеге асыру аясында жыл сайын бюджеттен газдандыруға қыруар қаржы бөлінеді. Былтыр жыл соңында елді газдандыру деңгейі 51,47 пайыздан асты. Бұл 2015 жылғы деңгейден 10,07 пайызға артық. Ал газдандыру деңгейі 90 пайыздан асатын өңірлер тізімінде Атырау облысы (99,6), Маңғыстау облысы (99), Алматы қаласы (98,8), Батыс Қазақстан облысы (96,2), Шымкент қаласы (92,1) және Ақтөбе облысы (90,1) бар. 

Сонымен қатар 2025 жылға қарай неғұрлым ластанған 10 қала газдандырылып, баламалы энергия көздеріне ауыстырылмақ. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Себебі Қазақстанның жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту үшін зор әлеуеті бар. Бүгінге дейін ел астанасын газға жалғау жобасы балама қуат көзін тұтынатын азаматтардың санын арттырған. Бүгінде біздің елде 10 миллионға жуық азамат сенімді және экологиялық таза отынға қол жеткізе алады. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды сияқты ірі қалаларда жылу электр станцияларын көмірден газға көшіру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырылып жатыр. Мамандардың болжамынша 2030 жылға қарай энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі кем дегенде 15% – ды құрауы тиіс. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...