Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Павлодар облысының әкімі қанша жалақы алатынын әрең айтты

Танымал

Ел аузында

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қанша жалақы алатынын журналистерге әрең айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңір басшысы әңгімесін ұзақтан бастады.

«Адамның жалақысы қанша болса да, ол қажеттілікті толық өтеуге жетпейді. Мұны өз тәжірибемнен білемін. Мен қарапайым отбасында өстім. Әкем ауылда қарапайым жүргізуші, кейін комбайн жүргізушісі, гараждың меңгерушісі болды, ал анам ауылда дәрігер-акушер болып тер төкті. 1994 жылы алғашқы жалақым 3 мың теңге болды. Студент кезімнен бастап жұмыс істедім. Шетелде білім алдым. 10 жыл қаржы секторында еңбек еттім. 3 жоғары білім алдым. Оның екеуін алу үшін шетелде оқыдым. Сондай-ақ, 14 жыл жеке бизнесте болдым. Жалақым басқа әріптестерім сияқты. Сіз сұрақ қойдыңыз, мен жауап бердім», – деді Асайын Байханов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Журналист облыс әкімінің сұрағын нақтыламақшы болғанымен, оған мүмкіндік берілмеді. Бірақ келесі журналист те әкімнің жалақысын сұрады. Облыс әкімі сұраққа амалсыз жауап берді.

«1 миллион 700 мың теңге жалақы аламын», – деді Асайын Байханов.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысының әкімі жалақысы қанша екенін айтқаны хабарланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...