СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Танымал

Ел аузында

Жуырда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге аталған департамент басшылығы мен мамандары, өзіндік қауіпсіздік тобының өкілдері, Түрксіб ауданының прокуроры және жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында сотталғандарды жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері талқыланып, кәсіпорындармен өзара байланысты нығайту туралы пікір алысылды.
Кездесуде сонымен қатар сотталғандардың жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзу, жұмыс нысандарын өз беттеріншет тастап кету фактілерінің зардабы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бас қосуға қатысқандар сотталғандарды жұмыс уақытында қатаң бақылауға алу қажетттігі де атап өтілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...