Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Қай өңірлерде қызылша ауруы өршіп тұр?

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде қызылша ауруының өршуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлемде қызылша ауруы өршіп тұрғанын жеткізді.

«Биыл әлемде қызылша ауруына тән кезекті айналымның көтеретілуі байқалады. Иммунитеті жоқ халықтың жиналуы инфекцияның жаңа толқынына ықпал етіп жатыр. БҰҰ дерегінше, әлемде 67 миллионнан аса бала пандемияға және вакцинацияға деген сенімнің төмендеуіне және басқада бірқатар факторға байланысты жоспарлы екпе алмаған. Осыған байланысты 415 мыңнан аса жағдай тіркелген. 167 елде қызылша ауруы бойынша жағдай күрделене түсті», – деді министр Үкімет отырысында.

Ол бүгінде қазақстандық балалар ауруды тез жұқтырып жатқанын айтты.

«2023 жылы Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 17 мыңнан аса дерегі тіркелген. Оның 82 пайыздан астамы – балалар. Оның ішінде вакцина алмаған балалар – 83 пайыз. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Жоғары деңгейде Шымкент қаласында байқалады – 3 мыңнан аса жағдай тіркеліп отыр. Алматы қаласы, Жамбыл облыстарында – 2 мыңнан аса жағдай. Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарында 1 мыңнан аса жағдай тіркелді», – деді Ажар Ғиният.

Оның айутынша, сыртқаттанушылықтың күрт өсуі биыл қыркүйектен басталған.

«Себебі оқу жылында ұйымдасқан ұжымда балалардың жиналуы байқалады. Салдарынан сыртқаттану деңгейі 2 есе өсті. Қарашада қызылшаның 6 мыңнан аса дерегі тірелді», – деді Ажар Ғиният.

Үкімет басшысы министр тапсырма берді.

«Аурудың таралуын тоқтату керек. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес», – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің пікірінше, Қазақстанда екпе алуды күшейту қажет.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...