Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Мұндай жағдай өмірімде бірінші рет болып тұр». Астанада жасөспірімді құтқарып қалған куәгер оқиға қалай болғанын айтты

Танымал

Ел аузында

27 қарашада Ақбұлақ өзенінде 2006 жылы туған жасөспірім мұз астына түсіп кеткен. Ал оқиға куәгері дер кезінде 17 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды. Көмекке ұмтылған жанның есімі – Мереке Едресов. Тосын жағдайдың куәсі болып, адам өмірін сақтап қалған елорда тұрғынымен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарап кетті. Кадрларда беліне арқан байлаған ер адам мұз үстінде зардап шеккен адамға қарай бара жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Желі қолданушылары оның ерлігіне тәнті болып, жылы лебіздерін жазған.

«Мақтан тұтамын», «Жарайсың», «Нағыз батыр», «Жарайсың! Алла Тағала саған үйіп төгіп береді», «Өз өмірін қауіпке тіккен батыр», «Нағыз ер азамат», «Қазіргі заманның батыры», – дейді олар. 

Мереке Едресовтың сөзінше, бұл оқиға жұмыс кезінде болған.

«27 қарашада тосын жағдай болып, адам мұз астына түсіп кетті. Бұл кешкі уақытта болды. Содан кейін қарбалас басталып кетті. Мен жұмыс орнымда отырдым, автокран жүргізушісімін. Жанымнан Равиль есімді бригадир жүгіріп бара жатты. Алғашында әрлі-берлі жүгіріп кеттік, қарбалас болып кетті. Равиль есімді бригадир сақтандыру арқанымен кетіп бара жатты, мен не болғанын сұрадым. Ол бір адам мұз астына түсіп кеткенін жеткізді. Бірге жағамен жүрдік. Осыдан кейін ойланбастан белдігіме сақтандырушы арқанды байлап алып, мұз үстімен еңбектеп жәбірленушіге қарай жүрдім. Содан соң оны шығарып алдық. Полиция, жедел жәрдем келді. Жедел жәрдем қарай бастады, кейін оны алып кетті. Оның жағдайы туралы білмеймін, хабарласпады. Тек қай ауруханада екенін білемін», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол оқиғадан кейін су киімдерін ауыстырып, жұмыс орныма кеткенін жеткізді.

Астана тұрғыны Мереке 35 жаста. Ол қызы, ата-анасы бар екенін де айтты. 

«Отбасым Қостанайда тұрады. Ал әкем екеуміз Астанада пәтер жалдап тұрамыз, жұмыс істейміз. Бұрын адам құтқарып көрген жоқпын. Мұндай жағдай өмірімде бірінші рет болып тұр. Сәттілік деуге де болады. Қалай болғанда да адам өмірін құтқару керек еді», – дейді ол.

Төтенше жағдайлар министрлігі де бұл деректі тіркеген.

«27 қарашада Астана қаласында Ақбұлақ өзенінің рұқсат етілмеген жерінде қатпаған мұздың үстіне шыққан 2006 жылы туған жеткіншек мұз астына кетті. Оны оқиға куәгері құтқарды. Ол ауруханаға жатқызылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...