Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Қазақстанда баланың тегіне анасының есімін жаздыруға бола ма?

Танымал

Ел аузында

Биыл көрші Қырғызстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға рұқсат заңдастырылып, содан кейін оның күші жойылды. Бұл туралы Қазақстан заңнамасында не қарастырылған, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Әділет министрлігінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, еліміздің қолданыстағы неке-отбасы заңнамасы жеке куәлікте баланың толық аты-жөнінде әкесінің атын жазуды қарастыратыны көрсетілген.

«Азаматтық кодекстің 63-бабына сәйкес баланың жеке куәлігіне атын, әкесінің атын және тегін жазу құқығы бар. Баланың атын ата-анасы, олардың келісімімен немесе баланың өзге де заңды өкілдері қояды. Әкесінің аты, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша оның әкесі деп көрсетілген адамның аты көрсетіледі», – деді Әділет министрлігі өкілдері.

Осылайша, Қазақстанда бүгінде баланың жеке куәлігіне анасының атын жазуға заңды негіз жоқ.

Бұл ретте министрлік баланың тууы туралы жазбаға әкесінің атын енгізу міндетті емес екенін хабарлады.

«Ұлты қазақ адамдардың аты-жөнін әкесінің аты тегін ауыстырған кезде тәртіппен жазуға рұқсат етіледі, ол бірінші тұруы керек, содан кейін аты, ал әкесінің аты қалауынша жазылады. Әкесінің аты тегін -ұлы, -қызы жалғауларымен ауыстырған жағдайда, әкесінің аты жазылмайды», – деп толықтырды Әділет министрлігі өкілдері. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...