Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...