Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады

Танымал

Ел аузында

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкім ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ орнады. Коммуналдық қызметтер түннен бастап жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр. Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді», – дейді әкім. 

Жеңіс Қасымбек аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын айтты. 

Еске салайық, бүгін Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана Білім басқармасы хабарлады. 

Қашықтан оқыту форматына бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері жіберілді. Сондай-ақ, Ақмола облысында көктайғақ салдарынан үш тасжол жабылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...