«Саған тосын сыйым бар»: әлеуметтік желіде жігітпен танысқан шымкенттік қыз күтпеген жайтқа тап болды

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде жігітпен танысқан шымкенттік қыз күтпеген жайтқа тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жас жігіт оған тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті ізін суытпай ұсталды.

Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды . Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы полиция Департаменті Мақтаарал аудандық полиция...