Әнші Бақыт Шадаева «Хабар» телеарнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасының эфирінде сәтсіз үш некесінен кейін тұрмысқа шығу ниеті бар екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Бұл сұрақ бәрін мазалайтын сияқты. Менің енді өзімнің шынында ойыма да кіріп-шықпады. Осы бағдарлама басталардың алдында айғайлап шыққан анонста «Бақыт Шадаева немересімен қатарласып, «байға» шығайын деп жатыр» деген әңгіме кетіп қалып жатыр ғой. Шынын айтсам, енді «байға» шығамын деген аса былай ойыма кіріп-шықпайды. Дегенмен енді басым бос кезде, өзің әйел адам болған соң тіреу керек. Оны сынға алудың керегі жоқ деп ойлаймын. Әрбір адам дүниеге келгенде өмір сүру үшін келеді. Енді қасыңда жарың, бала-шағаң, тоғызың түгел болса, Аллаға шүкір дейсің. Енді жетіспей тұрса, армандап отырасың ғой. Адам қалай айтады, пенде ғой бұл өмірде. Сондықтан пенде болған соң бәріміздің қалайтынымыз сол – осы өмірде жақсы өмір сүрсек, қасымызда жарымыз, досымыз болса, бала-шағамыз аман, өнеріміз асқақтаса тұрса. Жаның барда соны тілеп өтуің керек», – деді ол.
Бағдарлама жүргізушісі Зарина Омарова Бақыт Шадаеваға «Шынымен де сіздің қасыңызда нағыз ер азамат болғанын қалап отырмыз» деді.
«Рақмет. Иншалла, бұйырса, Мен де соны тілеймін арасында», – деп жауап берді әнші.