Қазгидромет Қазақстанның біраз қалаларында ауа райы күрт суитынын хабарлады. 12 желтоқсанда кешкі уақыттан бастап алматылықтар да қатты аязды сезінді. Мұндай ауа райында көпшілік үйде отырғанды жөн көреді. Аяздың денсаулыққа пайдасы бар ма? Аязды күні далаға шығарда нені ескеру қажет? Бұл сұрақтарға «Доктор Питер» порталына кардиолог Алексей Жито жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Біз ауа райын өзгерте алмаймыз, бірақ оған деген қарым-қатынасымызды өзгерте аламыз. Аязды күні далаға шығу сынақ секілді көрінуі мүмкін, себебі аяқ-қолыңыз жылдам тоңады, бетіңіз қабыршақтанады және тұмауратып қалуыңыз мүмкін. Алайда мұндай ауа райы ағзаңызға пайдалы бола алады», – дейді Алексей Жито.
Аяздың ағзаға пайдасы қандай?
Аязды ауа райы ағзаны шынықтырады және иммунитетті көтереді. Біз суықта далада жүрген кезде мұрын мен тамақ шырышты қабықшасының қан тамырлары кеңеймейді, жергілікті дене температурасы көтерілмейді. Сәйкесінше, зиянды микроағзалардың таралуы қиынға соғады.
Жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарады. Біріншіден, аязда біз өте жылдам жүреміз. Бұл физикалық жүктеме. Екіншіден, егер сіз коньки немесе шаңғы тепсеңіз, ол міндетті түрде ағзаны қатайтады.
Тері проблемалары болмайды. Терісі майлы адамдар аязда өздерін жақсы сезінеді: тері тесіктері тарылып, бөртпе азая бастайды. Ал терісі құрғақ адамдарға кремдер көмектеседі.
Аяз күйзеліспен күресуге көмектеседі. Ғалымдар аязды және қарлы күні серуендеу бақыт гормоны – серотонин бөлінуіне ықал ететінін дәлелдеп қойды. Аязда адамның күйзеліске төзімділігі артады, себебі төмен температураларда вегетативті жүйке жүйесі қатаяды. Көпшілік адамға қардың сықырлағаны ұнайды.
Аязды күні далаға шығарда ескеру керек жайттар
Алайда тоңсаңыз, тұмауратып қалсаңыз немесе тіпті, үсік алсаңыз, аяздың бар пайдасы жоққа шығарасыз. Сондықтан аязды күні далаға шығарда міндетті түрде мына ұсыныстарды сақтаңыз:
Біріншіден, далаға шығарды тамақ ішіп алыңыз. Рационда міндетті түрде май мен ақуыз болуы керек.
Екіншіден, дұрыс киініңіз. Қанайналымға кедергі келтіретін аяққа жабысып тұратын джинс шалбардан, капрон колготкиден, белдіктен бас тартыңыз. Бірнеше қабат киім кию әдісін қолданыңыз. Жылы шұлық, бас киім, шарф және қолғапты ұмытпаңыз.
Үшіншіден, әшекейлерден бас тартыңыз. Сақина, сырға және білезіктер жылдам мұздайды.
Сондай-ақ су ішуді ұмытпаңыз. Аязда адам шөлдегенін сезбейді, алайда ағзаға су аса қажет.
Өкпені қорғауды ұмытпаңыз.Ол үшін аязды ауамен шарф немесе маска арқылы тыныс алыңыз: ол ағзаға зиян келтірмес үшін жылып үлгеруі тиіс.