Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Полиция ауыл тұрғынына бір ай бұрын жоғалтқан телефонын бірнеше сағат ішінде тауып берді

Танымал

Ел аузында

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан ұялы телефонының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамның айтуынша, ол базарға барған кезінде «Oppo A15» маркалы ұялы телефонын жоғалтқан. Ауыл тұрғыны бір ай бойы өздігінен іздегенімен, таба алмай полициядан көмек сұрады.

Хабарламаны алған Келес АПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрбол Шадиев жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды, сондай-ақ ұялы телефон дүкендерін тексерді.

Нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жедел уәкіл сатушылардың бірінен жоғалған ұялы телефонды тауып, заңды иесіне қайтарды. Келес ауданының тұрғыны тәртіп сақшысына жеделдігі мен кәсібилігі, сондай-ақ көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкіне мұқият болуға және ұялы телефондар мен бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...