Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Полицейлер құжатсыз жүрген 65 жастағы ер адамға жеке куәлігін өз шаңырағында табыстады

Танымал

Ел аузында

Арыс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 65 жастағы ер азаматтың жұбайы келіп, осы уақытқа дейін жұбайының жеке басын анықтайтын төлқұжатын алмағанын хабарлайды. Осы орайда тәртіп сақшыларынан құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрайды.
Тұрғынның өтініші бойынша Арыс АПБ-нің көші-қон қызметі тобының полицейлері жедел түрде іске кірісіп, жеке куәлігін жасау жұмыстарын жүргізді. Соңында тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, жаңа құжат табысталды.
Тәртіп сақшыларының атқарған қызметіне көңілі толған М. Бибосынов

  • Мен, Арыс ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Арыстық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін! – деді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...