Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Түрікменстан имамдары Жаңа жыл мерекесін тойламауға шақырды

Танымал

Ел аузында

Қазірдің өзінде Түрікменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық шаралар
өткізілмейтіні белгілі болды.

Жергілікті әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдында шырша орнатуға да рұқсат етілмеді,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Билік өкілдері бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

«Хроники Туркменистана» басылымының мәліметіне қарағанда, биыл Түрікменстанда Жаңа жыл қарсаңында діни тенденциялар күш алып тұр.

Имамдар мешітке келушілерге «мұсылмандарға жат мерекені атап өтпеуді» уағыздауда, базарларда шошқа еті сатылымын шектеп, ведомстволық ғимараттар алдына орнатылған шыршалар, керісінше алынып тасталып жатыр.

Ал былтыр, керісінше, ғимараттың алдына да, ішіне де екі шырша орнату тапсырылған. 

Осыған қарамастан Түрікменстан халқы, әдеттегідей Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлер полицейлердің 31 желтоқсанда кешкі сағат 10-нан кейін алкоголь сатуға тыйым салынатынын ескерткенін айтып, шағымдануда. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...