Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Щучинск пен Бурабай тұрғындары ақылы терминалға қарсы петицияға қол қойды

Танымал

Ел аузында

Бурабайға демалыс аймағына кіру алдағы жылдың қаңтарынан бастап ақылы болмақ. «Бурабай» ұлттық паркінде арнайы терминал қойылып, одан өткен әрбір жан 0,5 АЕК мөлшерінде ақы төленетінін хабарлаған.

Щучинск тұрғындары аталған жергілікті жұрттан ақы төленуіне қарсы наразылық білдіріп петиция ұйымдастырды, деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Қала тұрғындарының айтуынша терминал басқа жерлерден емес күнделікті жұмысына, туған-туыстарына бара жатқан жергілікті халықтан да терминалдан күнделікті ақы төлеуге мәжбүр болатынын мұның ақылға сыймайтынын айтады. Наразылықтарын білдірген жергілікті белсенді тұрғындар «Бурабай» ұлттық паркінің басшылығына, Ұлттық экономика және Экология министрлігіне арнайы петициялық хат әзірлеп, оған 500-ден астам адам қол қойған. 

Мен Щучинск қаласының тұрғынымын. Бурабайда IQanat зияткерлік мектебінде қызмет етемін. Сондай-ақ балық аулаумен де айналысамын. Біздің жергілікті балықшылар Бурабайдың тазалығына мән беріп, жиі тазалық шараларын ұйымдастырып отырамыз. «Бурабай» ұлттық паркі алдымыздағы 1 қаңтардан бастап 0,5 АЕК мөлшерінде әр күн сайын терминалдан өткен адамнан ақы төлейтінін ресми түрде жария етті. Яғни басқа жұрттан бөлек Бурабай кентінде, Щучинск қаласында тұратын жергілікті тұрғындардан да ақы алынбақ. Яғни, мәселен мен күн сайын жұмысқа барып келгенде мың теңгеден астам терминалға салып тұруға мәжбүр болады екенмін.

Сол сияқты Бурабай кентінде тұратын адамдар Көкшетауға, Щучинск қаласына туған-туыстарына жолға шықса тағы жаңағы терминалға ақы төлеуі тиіс. Бұл шын мәнінде ақылға сыйымсыз ғой. Жергілікті тұрғындардан да ақлы төленсе олар табиғатқа демалуға шыққанда қасақана қоқыс төгіп, тіпті орман алқаптарына өрт қойып кетуі де мүмкін ғой. Бұл паркке экологиялық нұқсан келтіруіне де себеп болмақ. Қазір біздің жазған петициялық хатқа 500-ден астам адам қол қойды.  Қазір хаттың үш данасы Щучинск қаласында базардағы «Саяжолда», «Ақжелкен» сауда орталығында және тәулік бойы жұмыс істейтін «Ақжолда» тұр. Кешкісін е-өтініш арқылы Ұлттық экономика министрлігі мен экология министрлігіне жолдағалы отырмыз, – дейді петиция авторы Аян Қажымұқанбет. 

Халықтың дүрлігуіне расында да «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ресми түрде өз парақшаларында парк аумағына кіруге жаңа тариф бекітілгені туралы ақпаратты жария етуі себеп болған. 

«Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы (№165-VII) Заңы аясында Салық кодексінің 591-бабына Мемлекеттік ұлттық парк аумағы көлік құралдарын кіргізгені үшін алым алу мәселесі бойынша толықтыру енгізілген болатын. Осыған орай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге жаңа төлем ставкалары бекітілді.

2024 жылға арналған алым мөлшері:

– жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (369 теңге);

– мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);

– жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);

– сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);

– 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7 384 теңге);

– 32-ден астам орындық автобус – 3 АЕК (11 076 теңге).

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...