Енді қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынған-салынбағынын мобильді қосымша арқылы тексере алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп АІЖО ААЖ (атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) мобильді қосымшасын әзірледі.
Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:
Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
Елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.
Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)
Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу. Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.