Алматы облысында өрт сөндіру барысында өртсөндіруші қаза тапты

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында өрт сөндіру барысында өртсөндіруші қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есеп топтары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шыққан.

«Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...