Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Лаңкестер 15 адамды кепілге алғанын айтқан: ШҚО тұрғыны әзілдеймін деп айыппұл арқалады

Танымал

Ел аузында

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 15 адам кепілге алынғаны туралы әзілінен кейін жазаланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 4 қаңтарда әйел полицияға қоңырау шалып, Өскемен автовокзалында лаңкестер 15 адамды кепілге алғанын айтқан.

Полиция дереу оқиға орнына барды. Тексерістен кейін ақпарат жалған екені анықталды. Орынсыз әзілдеген 59 жастағы адам мас болып шықты.

«Жалған хабарлама үшін әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...