Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.2 C
Nur-Sultan
17.9 C
Almaty
19 C
Shymkent

Атырауда қап-қап пияз қоқыста үйіліп жатыр (видео)

Танымал

Ел аузында

Атырауда қоқыс полигонында қап-қап көкөніс төгіліп жатқан видео тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, тау болып үйіліп жатқан пияздар «Агрофеликс» шаруа қожалығына тиесілі болып шықты.

«Былтыр 40 гектарға пияз егіп едік, ол аз болды. Сондықтан бұл жолы екі есеге көбейттік. Оны жинарда жаңбыр жауып, бүлініп қалды. Қанша сұрыптасақ та, көбісі жарамсыз болып қалды. Енді оны мал да жемейді. Амал жоқ, жаңа жыл қарсаңында қоқысқа төгуге тура келді. Бұл көкөніс қорына да, бағасына да әсер етпейді. Яғни, алаңдауға негіз жоқ», – дейді қожалық иесі Енисей Юнь.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы 3 мың тоннадай пияздың үштен бірі жарамсыз болып, қоқысқа кетеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...