Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Коньки тебуге барарда не білу керек? Мұзайдындағы қауіпсіздік ережелері

Танымал

Ел аузында

Қыста отбасымен және достармен уақытты қызық өткізуге болатын жерлердің бірі – мұзайдындар. Мұзайдында коньки тебу балаларға да қатты ұнайды. Алайда ол сондай-ақ қауіпті жерлердің бірі екенін ұмытпау керек. Ендеше, мұзайдындардағы қауіпсіздік ережелері жайлы біле жүріңіз және оларды балаңызға түсіндіріңіз.

Қозғалыс бағытын сақтаңыз

Мұзайдында көліктерге арналған жолдағы секілді қозғалыс ережесі бар екенін білдіңіз бе? Мұзайдында сағат тіліне қарсы қозғалу керек. Адамдарға қарсы жүруге тырыспаңыз, әйтпесе ірі адаммен түйісіп, құлаған кезде зақым алу қаупі бар.

Ал егер құлап бара жатсаңыз, жылдам жинақталуға тырысыңыз. Аяғыңыздағы коньки басқаларға зақым келтіруі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Қолыңызды да жинақтаңыз: егер қолдарыңыз созылыңқы күйінде мұзда жатса, басқалар конькимен басып кетуі мүмкін. Құлап қалсаңыз, мұзда ұзақ жатпай, бірден тұруға тырысыңыз. Егер өзіңіз тұра алмасаңыз, өзіңізге басқалардың назарын аударыңыз.

Киімді дұрыс таңдаңыз

Ұзын шарфтар және желпілдек маталар тақпаңыз. Көпшілік мұзайдында керемет қысқы суреттер жасаймын деп әдемі киімдерін киеді. Алайда өзіңіздің және басқалардың қауіпсіздігі жайлы ойлаңыз. Ұзын шарфтардың орнына бетке және мойынға жабысып тұратын жылы баф киген жөн.

Балаларды жалғыз қалдырмаңыз

Мұзайдында балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Сондай-ақ балаға шлем мен тізеқап кигізген жөн.

Жаттығу жасаңыз

Бірнеше күн қатарынан үйде жатып, бірден мұзайдынға бармаңыз. Ең болмағанда үйде жаттығу жасаңыз. Себебі коньки қозғалыс координациясын қажет етеді. Құлаған кезде де өз денеңізді жақсы басқару арқылы зақым алудан қаша аласыз.

Алкоголь ішпеңіз

Қыста мереке көп. Мерекелер кезінде немесе одан кейін достарыңызбен уақытты көңілді өткізу үшін мұзайдынға келген боларсыз. Алайда алкоголь мұзайдында өзіңіздің немесе басқалардың зақым алуына себеп болуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...