Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Бүкіл дивизияны қамтамасыз ете алатын қару ұрланған». Қаңтар туралы деректі фильмде не айтылды? 

Танымал

Ел аузында

Республикалық телеарнада «Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді?» атты қаңтар оқиғасына қатысты деректі фильм шықты. Massaget.kz тілшісі фильмде айтылған маңызды жайттарға шолу жасады. 

Фильм барлық мән-жай мен фактілерге, құжаттар мен суреттерге, бейнематериалдар, куәгерлердің сөзіне талдау жүргізу арқылы жасалған. Жан-жақты талдау негізінде Қаңтар оқиғасының толық хронологиясы жасалған. 

Сонымен қатар, хронологияда күн сайын оқиғаның қалай өрбігені, негізгі маңызды шешімдердің қалай қабылданғаны көрсетілген. Фильм митингілер кезінде теракт, тонау, өртеу мен бүліктердің бұрын белгісіз болған эксклюзив кадрларымен толықтырылған. 

Фильмде 1 қаңтарда басталған бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздікке қалай ұласқаны баяндалған. 

2 қаңтарда жағдай ушыға бастаған. 

«Полиция қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстап, қоғамдық тәртіпті қорғайды. Бірақ күш қолданбайды», – делінген фильмде.

Бірнеше күннен кейін жағдай реттелгендей болғанымен бір сәтте митингілер ұйымдастырылған облыстар саны 11-ге жетіп, мемлекеттік билікті құлатуды талап ететін экстремистік талаптар бар бүлікке айнала бастағаны айтылады. 

Қала көшелері бей-берекеттік пен былыққа толы болған. 

Тонаушылар мен лаңкестер мыңдаған қару-жарақ ұрлаған. Оның ішінде, 3 мыңнан аса түрлі қару-жарақ, тапанша, шолақ мылтық, автомат, пулемет, гранатамет, граната мен оқ-дәрі ұрланған. 

Сонымен қатар, фильмде қылмыстық ортада Дикий Арман лақап атымен таныс Арман Жұмагелдиевке қатысты деректер де айтылды. Телеарна мәліметінше, Дикий Арман «Қазақстан» қонақүйінде жеке штабын ұйымдастырып, қарақшы топтар мен тонаушылардың әрекетін үйлестіріп, қару-жарақ таратып, адамдарды тұтқынға алып азаптағаны айтылады. 

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев сол кездегі ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің жақын адамдарының өнімі екені белгілі болды. 

Деректі фильмде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаралы қаңтар кезінде қабылдаған маңызды шешімдері туралы да сөз қозғалды. 

9 қаңтарда барлық өңірдегі жағдай бақылауға алынып, Ішкі істер министрлігі 5 969 адам ұсталғанын хабарлады. Оның ішінде 133 адам ауыр қылмыс жасаған. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа орынбасарларын тағайындады. 

10 қаңтарда Ұлттық аза тұту күні жарияланды. 

«Үшінші толқында лаңкестер бар аяусыздығы мен жауыздығын көрсетті. Төртінші және соңғы толқынында бүкіл елдегі ұйқыдағы радикал ұяшықтар оянуын қамтамасыз ету, Ауғанстан мен Сирияның бірқатар лаңкестік ұйымдарының жетекшілері тәртіпсіздік жалғаса берсе Қазақстанға өздерінің дайындаған содырларын жібермек болған. Бірақ заңды биліктің дағдарысты оқшаулау және жою жөніндегі жедел және батыл әрекеттері қастандық жасаушылардың жоспарына кедергі келтіріп, Сирия сценарийінің Қазақстанда орын алуына мүмкіндік бермеді», – делінген фильмде.

Сонымен қатар, фильмде лаңкестердің қолына қанша қару өткені айтылады. 

200 автомат, 561 тапанша, 1308 тегіс ұңғылы қару, 84 иір ойықты мылтық, 28 гранатамет, 2 оқшашар, 368 граната және 63 мың оқ түскен. Бұл арсенал бірнеше күндік ұрыста бүкіл дивизияны қамтамасыз ете алар еді. Шамамен 18 минутқа созылған деректі фильмде 238 адам қаза тапқаны айтылады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...