Павлодарда 52 миллион теңгеге сатып алынған шырша құлап қалды

Танымал

Ел аузында

52 миллион теңгеге сатып алынған Павлодардың бас шыршасы желдің екпініне шыдамай құлап қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 қаңтарда, 21:00 шамасында Павлодарда екпіні күшті жел соғып, арты боранға айналды. Дауылдың екпініне шыдамай орталық алаңдағы бас шырша құлап түсті.

2023 жылы әкімдік 10 жылдан аса пайдаланып келген шыршаның ескіргенін айтып, жаңасын 52 миллион теңгеге (биіктігі 30 метр) сатып алған еді. Қыруар қаржы ақыры желге ұшып тынды.

Айта кетейік, биылғы жаңа жыл қарсаңында Павлодар әкімдігі 53 миллион теңгеге мұз қалашық тұрғызған еді. Алайда желтоқсан айында күн күрт жылынып, мұз қалашық толықтай еріп кеткен.

Е.Базарқұл

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...