Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
35 C
Shymkent

Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр?

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған «Елікті парк» тау-шаңғы курортына қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Елікті парк» тау-шаңғы курорты тұтынушылардың денсаулығына қатысты, талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіргені бойынша, Ақмола облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен ҚР ҚКнің 306-бабының 3-бөлігі, 306-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен №231156031000001 СДТБТ-да тіркелген қылмыстық-іс қозғалғанын хабарлаймыз», – делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс негізгі сот талқылауында.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сұратылып отырған өзге де ақпаратты жария ету мүмкін емес, өйткені бұл тергеу мүдделеріне қайшы келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болуы мүмкін», – делінген ресми жауапта. 

Еске салайық, былтыр 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған. 

Сондай-ақ, кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы ажал құшқан курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Кербулакской районной больнице впервые проведены высокотехнологичные операции для женщин

Кербулакская центральная районная больница сделала значимый шаг в развитии здравоохранения региона — здесь впервые на уровне района выполнены высокотехнологичные...