Үкімет отставкаға кете ме? Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатыны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Сенатор Ақмарал Әлназарова ертең, 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бірлескен отырыста Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына әскерін жіберуі мүмкін.

«Парламенттің құзыретіне Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі Қазақстанның алған міндеттемелері аясында бейбітшілік миссияларды орындау үшін Президенттен тиісті ұсыныс болса, бұл тақырып Парламенттің бірлескен отырысына шығарылады. Сондықтан ертеңгі отырысты осы мәселе қаралады», – деді депутат Сенат кулуарында.

Ақмарал Әлназаров Қазақстан әскері нақты қайда баратыны ертең белгілі болатынын жеткізді.

«Бұл бұрыннан бар тәжірибе. Қазақстан осыған дейін бітімгершілік күштерін жіберген. Бұл жұмыс жоспарлы түрде іске асырылады. БҰҰ қайда бару керектігін анықтады. Ертең Парламенттің бірлескен отырысында осыны білеміз», – деді ол.

Айта кетейік, Желіде Парламенттің бірлескен отырысында «Үкімет отставкаға кетеді» деген қауесеттер тараған болатын.  

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда студенттерге арналған заманауи жатақханалар саны артады

Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды жаңа құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына қатысуға шақырады. Жоба мемлекеттік...