Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23.6 C
Nur-Sultan
25.4 C
Almaty
30.4 C
Shymkent

Шетелдік көлігін заңдастыруға үлгермегендер не істеуі керек? ІІМ жауабы

Танымал

Ел аузында

Енді шетелдік нөмірлі көлігін заңдастыруға үлгермеген жүргізушілер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, заңдастыру аясында Қазақстанда 304 мыңнан аса автокөлік тіркелсе, оның 21 мыңы автоконструкторлар, 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған.

«Заңдастырылмаған шетелдік көліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сай болса, барлық қажетті алымды төлей отырып, әдеттегі тәртіпте тіркелуі керек.

Сонымен қатар, көлік иелеріне белгіленген тәртіппен тіркелмеген көліктерді пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», – деді ІІМ.

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру былтырғы қаңтарда басталған. Өтініштер шілдеге дейін қабылданып, 2023 жылдың аяғына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге утильалым және тіркеу сомасын төлеп, көліктерін тіркей алды. Полицейлер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген көліктерді тіркеді.

ІІМ акцияның бір реттік шара екенін, заңдастыру мерзімін ұзарту жоспарда жоқ екенін баса айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановпен өткен тағылымды кездесу

2025 жылғы 2 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық...