Алаяқтар жеке куәлік нөмірі немесе ЖСН арқылы несие рәсімдей ала ма? Бұл сұраққа адвокат Эльнура Кишкенебаева Желідегі парақшасында жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, жеке куәлік иесінің растауынсыз ешқандай несие рәсімдеу мүмкін емес.
«Егер де сіздің жеке куәлігіңіздегі нөмірді немесе ЖСН нөміріңізді әлдекім біреулер біліп қоятын болса, уайымдайтын ештеңе жоқ. Өйткені сіздің нөміріңіз немесе ЖСН арқылы ешқандай несие рәсімдей алмайды. Оны алу үшін банк қызметкерлері тарапынан зерттеу іс-әрекеттері болуы керек, сондай-ақ сіз тауарлық немесе қандай да бір несие рәсімдеген кезде арнайы бір келісім шарт бар. Оған қоса, тауарлық несие алған жағдайда сізге арнайы ұялы телефон нөміріңізге код келеді, сіз оны растамай, несие рәсімделмейді. Сондықтан мұнда қорқатын дәнеңе де жоқ, уайымдамаңыздар», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін “Алаяқтар құран ұстап ант бере береді”. Танысыңа несие алып беріп, кейін ол «лақтырып кетсе» не істеу керегі хабарланған болатын.