Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Офицерлер рахаттанып декретте жүр – Мәжіліс депутаты

Танымал

Ел аузында

Депутат Айгүл Құспан көптеген әскерилер әскерді тастап кетіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, офицерлерді декретке шығару дұрыс емес екенін жеткізді. Бұл туралы ол Уәде бағдарламасына берген сұхбатта айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Айгүл Құспан қазіргі әскердің хал-ахуалы, декреттік мәселе, кадр жетіспеушілігі туралы әңгімеледі.

«Ер офицерлердің декретке шығу туралы шешім 2014 жылы қабылданған болатын. Алғашында олар үй алды. 3-4 офицер ғана декретке шығып еді. Қазір 597 офицер рахаттанып декретте жүр. Олардың жалақысы жүреді, шендері өседі. Балаға қарайтын бәрібір үйде әйелі, мамасы, күтушісі бар. Такси жүргізушісі болса да, басқа бір жұмысқа кіріп, көп ақша табады. Бұл ұятты және қауіпті нәрсе. Себебі декретке шығатын офицерлер бізге керекті кадр. Ол ракетщик, танкист. Оның орнына даладан басқа, адамды ала алмайсың. Орнын қалай толтырамыз? «Қазір қорғаныс министрлігі не істеуге болады» – деп шырылдап жүр. Мүмкін осы норманы қайта қарастыратын шығармыз. Бұл біздің шығарғанымыз емес, халықаралық норма. Женева қаласында отыратын, халықаралық еңбек ұйымы бар. Солар әйел мен ер адамның құқығы бір. Баланы тәрбиелеуге екеуі де құқылы. Ол жәй азамат болсын, әскери адам болсын тең құқылы – дейді. Негізі декретке әйел адам шығуы керек. Біздің қазақ қоғамына бұл ерсі», – дейді депутат.

Айгүл Құспанның айтуынша, декретке шыққан офицерлердің орнын толтыра алмай жатыр.

«Декретке шыққан офицерлердің орнын толтыра алмай жатыр. Вакансиялар көп. Декретке жібермеуге құқығы жоқ, бірақ қайта шақырып алуға болатын шығар. Декретке шығатын офицерлердің саны өсе беруі мүмкін. Декретке шығатын емес, жалпы біздің әскерден өткен жылы көп адам кетті. Оның барлығына жалақы, зейнетақы жалпы жағдай себеп. Мысалы: Солтүстіктегі шекара. Бұрын ол жер шекара болған жоқ, жәй ғана әкімшілік шекара еді. Ресей – Қазақстан арасындағы дүниежүзіндегі ең ұзын шекара. Ол жерге жаңа заставалар салу, сол жердегі шекарашыларға үй салып беру қыруар қаржыны талап етеді. Сондықтан олар біреудің үйінде тұрады. Оларға арнайы төрт төсекті бір ғана бөлме береді. Әрқайсысынан 30 мың теңге алып отырады. Олардың отбасы жоқ. Семьясы болса да, әйел, бала-шағасы оларға келіп кете алмайды. Бұл жағдайға кім шыдайды? Әрине, ешкім шыдамайды», – дейді Айгүл Құспан.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...