Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

31.3 C
Nur-Sultan
34.6 C
Almaty
41.8 C
Shymkent

Биыл талапқа сай келмейтін полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылады

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха биыл өтетін кезектен тыс аттестация барысында талапқа сай келмейтін полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жеке құрам арасында тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылып келеді. Соның бірі – аттестация. Жеке құраммен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерін жұмыстан шығарамыз. Полицейлер заңсыз әрекеттерге барса, онда өзіндік қауіпсіздік қызметі мен кадрлық бөлімше қызметкерлері осы адамдарды ертерек анықтамағын үшін жауап береді», – деді Игорь Лепеха.

Ол кезектен тыс аттестация барысында жұмысына салғырт қараған полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін жеткізді.

«Біз қызметіне сай келмейтіндерді жұмыстан шығарамыз. Олардың орнына халықтың арасынан басқасын аламыз. Мұнда (полицияны) қысқарту туралы сөз болып отырған жоқ», – деді министрдің орынбасары.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...