Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Лай көшкінінде қаза тапқан отбасының қарызы өтеледі – Досаев

Танымал

Ел аузында

Қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде қаза тапқан отбасының туыстарына көңіл айтып, жақындарына қандай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Кеше Тау Самалы шағынауданындағы Олимпийская көшесінде қайғылы оқиға болды, техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты лай көшкіні біздің азаматтардың өмірін қиып кетті. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысымен бөлісіп, орны толмас қазаға көңіл айтамын. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру және еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажет көмекті көрсетеді.  Бұл отбасының үлкен ұлы, шетелде оқитын Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сондай-ақ, ата-анасының қаржылық міндеттемелерін шешуге жәрдемдеседі. Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу менің ерекше бақылауымда», – деді Досаев.

Сонымен қатар, тау баурайына үй салу мәселелсі қадағаланатынын жеткізді.

«Тік таулы беткейлерде құрылыс салу мәселесі барлық алматылық пен Медеу ауданының тұрғындарын бірнеше жылдан бері толғандырып келеді. 2022 жылғы маусымда Алматы қаласының әкімдігі мәслихатпен 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады. Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыс анықталған 54 деректен соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына қанағаттандырылды, 4-еуі қарастырылып жатыр. Қалған 9-ыбойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалып жатыр. Біз басталған жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниеттіміз, өкінішке қарай, Тау Самалындағы қайғылы оқиға тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды одан әрі күшейту қажеттігін тағы да дәлелдеді», – деді әкім.

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кейін төрт адам да өлі табылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...