Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Бәрібір тексереміз». Қаржы министрі мобильді аударымдар туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Қаржы министрі Мәди Такиев мобильді аударымдар бәрібір тексерілетінін, жұмыс біртіндеп жүргізілетінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл мәселе өте күрделі екенін ескертті.

«Маған оны тағы бір рет қарау туралы тапсырма берілді. Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде осы мәселені қарастырамыз. Өлшем, шарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз», – деді ол.

Қаржы министрі Мәди Такиев мобильді аударымдар тексеріледі дегенге меңзеді.

«Мобильді аударымдар қалады. Оны бәрібір тексереміз… Сіз оның жеке кәсіпкер екенін қалай анықтайсыз? Тағы қайталайын, біз құқықтық және әділетті мемлекетте өмір сүреміз. Дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болуы шарт. Демек, бәрі салық төлеуі керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті. Сондықтан біз әртүрлі (салық – еск.) режимдерді қарастырып жатырмыз. Осы режимдер арқылы (салық жүйесі – еск.) қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз. Алайда бәрін жаппай қудалау міндеті тұрған жоқ», – деді министр.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...