Ақтөбе облысында зират маңында әйел адасып, үсіп қала жаздаған

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 65 жастағы әйелдің ескі зират аумағында жоғалып, үсіп қала жаздағаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сағат 21:40-та Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112-ші бөліміне ескі зират аумағында 1959 жылы туған әйелдің жоғалып кеткені, оның үсіп қала жаздағаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 22:40-та Төтенше жағдайлар қызметінің жедел-құтқару қызметінің күштері, 4 адам, бір техника және бір кинолог Сальма есімді іздеу итінің көмегімен жоғалған адамда тапты», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ, департамент өкілдері әйелдің медициналық көмектен бас тартқанын атап өтті. Ол туыстарына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Абай ауданында полицейлер әскерилер, құтқарушылар және еріктілермен бірге қарлы бораннан адасып кеткен 8 жастағы баланы іздеп тапқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық...