Қаржы министрі жалақысы қанша екенін айтты

Танымал

Ел аузында

Жуырда ғана қызметіне кіріскен қаржы министрі Мәди Такиев жалақысын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол Қаржы министрлігінің басшысы ретінде «миллион теңгеден аса» алады.

«Мен жалақымның қанша екенін білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша жалақы аламын. Сіздің сұрағыңыз бойынша, 1 миллион теңгеден асады, шамамен 1,5 миллион теңге аламын. Мұнда менің еңбек өтілім ескеріледі», – деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Еске салайық, Мәди Такиев бұрынғы үкімет отставкаға кеткеннен кейін биылғы 6 ақпанында Ерұлан Жамаубаевтың орнына қаржы министрі болып тағайындалған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...