Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Депутат Татьяна Савельева жаңа қызметке тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетін депутат Татьяна Савельева басқарады. Бұған дейін комитет төрағасы қызметін жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев атқарған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға сәйкес, комитет төрағасы Мәжіліс отырысында депутаттар арасынан сайланады.

«Amanat фракциясы атынан қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымына Татьяна Михайловна Савельеваны ұсынып отырмыз. Ол осы комитетте жемісті жұмыс істейді, орта буыннан басшылыққа дейін 25 жылдық тәжірибесі бар. Өте жауапты қызметкер, тәжірибелі, тапсырмаларды әрқашан дер кезінде орындайды, қолдау көрсетіңіздер», – деді жалпы отырыста депутат Елнұр Бейсенбаев.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Татьяна Савельеваның кандидатурасы туралы оң пікір білдірді. Оған 88 депутаттың 86-сы дауыс берсе, біреуі қалыс қалды, біреуі қарсы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошла спортивная спартакиада среди воспитанников детских домов

В Алматы на базе специализированного комплекса для детей-сирот «Жанұя» состоялась спортивная спартакиада среди воспитанников детских домов города. Мероприятие реализовано...