Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.

Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...