Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

«Шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ». Премьер-министр меморгандар мен әкімдіктерді сынға алды

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру қарқынының төмендігі үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді сынға алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының басты міндеттері туралы баяндады.

Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бұл жобаны жүзеге асыру тиімділігінің төмендігін атап өткенін еске салды. Бұл мәселе үкіметте бірнеше рет қаралды, бірақ әзірге нақты оң нәтиже жоқ.

«Былтыр 309 нысанды салу жоспарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды», – деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша жұмысты едәуір жеделдетуді тапсырды.

«Әрбір объектінің құрылысын құжаттарды дайындау, қаржыландыру кезеңінен бастап, уақытылы тапсырғанға дейін күнделікті бақылауға алу қажет. Сондай-ақ, медициналық жабдықтармен және персоналмен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмауға тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер биыл барлық объектінің құрылысы мен оларды пайдалануға беруді нақты мерзімінде аяқтауы қажет», – деді Бектенов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...