Қазақстанда қашан жауын-шашын тоқтап, күн ысиды?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда алдағы күндері жауын-шашын тоқтап, күн ысиды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады және жауын-шашынның тоқтауы, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі

Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді, ал күндіз батыста, оңтүстікте температура 25-30 градус жылыға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градус жылыға дейін айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...